Лого КазПерСтрой
КазПерСтрой
офистік далдалар

+7(727) 395 24 66

Бізге жазыңыз

Компания туралы

ТОО КазПерСтрой

КазПерСтрой компаниясы 2011 жылы құрылды.

Кәсіпқойлардан тұратын біздің жас командамыз күшті де жігерлі, талапты жетекшіміз - Наталья Чопова басшылық еткен бірнеше адамның белсене іс-қимыл жасауының нәтижесінде құрылды.

Біз белсенді түрде өсіп және дамып келеміз, қазірдің өзінде біз өзімізді көрсетіп жақсы беделге ие болдық, бұған біздің клиенттеріміздің пікірлері дәлел.

Бүгінгі күнге дейін біздің атқарған еңбегіміз: орындалған 550 жоба, көлемі 10 м² бастап 1300 м² дейін.

Біз үшін маңызды нәрсе: біздің әр клиентіміз өзі қалайтын нәтижені алуы керек.

Компанияның ұраны: ИМИДЖ, ЖАЙЛЫЛЫҚ, СЕРВИС

Компанияның мұраты

  • Біздің серіктестеріміздің уақытының тиімді жұмсалуының қамын жасау. Офисті жайландыру бойынша міндеттерді жедел шешу – бұл уақыт жоғалтуды қысқарту және осының нәтижесінде клиентіміздің өз бизнесінде үлкен нәтижелілікке ие болуы.
  • Біздің серіктестеріміздің имиджінің қамын жеу. Офис интерьерінің әрленімі, оның дұрыс жобалануы – бұл компания имиджінің айтарлықтай бөлігі, ол офис иелерінің өзінің келермендеріне қалай қарайтынын айқын көрсетеді.
  • Серіктестеріміздің жайлы жерде отыруының қамын жасау. Қызметкерлердің жұмысының тиімді болуы көп жағынан олардың өз жұмыс офисінде өздерін қаншалықты жайлы сезінетіндеріне байланысты.
  • Серіктестеріміздің қаражатын үнемдеудің қамын жасау. Офистік далдалар, офистік жиһаз – компанияның негізгі құралдарының бірі, сондықтан ол сапалы болуға тиіс.

Кұралдарының бірі, сондықтан ол сапалы болуға тиіс

  • Күрделілігі әр түрлі офистік далдалардың әрленімін жасау, өндіру және монтаждау. Біздің өнімдер желісінде офистік далдалардың 11-ден астам жүйесі бар, онда эконом сыныптағы далдалардан бастап ең таңдаулы нұсқаларына дейін қамтылған:
    • стационарлық каркасты далдалар;
    • тұтас әйнектен жасалған далдалар;
    • оңтайлы немесе жылжымалы, сондай-ақ үстелүсті далдалар;
    • жазылмалы далдалар;
    • сантехникалық далдалар;
  • Әйнектен және тұтас әйнектен жасалатын әр түрлі конфигурациялы есіктердің әрленімі, өндіру және монтаждау;
  • Есіктерді құрастыру үшін толымдаушыларды сату;
  • Темекі тартуға арналған бөлмелер мен кабиналарды жеткізу және монтаждау;
  • Касса кабиналарын өндіру және монтаждау;
  • Келіссөз жүргізуге арналған бөлмелер мен кабинеттерді жабдықтау;
  • Әкімші тұрынтағын (ресепшн) өндіру және монтаждау;
  • Тапсырыс бойынша офистік жиһазды өндіру;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • Жалған еденді монтаждау;
  • Әйнекке, далдаларға, есіктерге және себезгі кабиналарына арналған фурнитураны сату;
  • Белорус жасалған алюминий профилін сату.
КазПерСтрой <span>DORMA</span> компаниясының ресми серіктесі

КазПерСтрой DORMA компаниясының ресми серіктесі

DORMA – дүние жүзіне танымал неміс компаниясы, далдаларды, есіктерді және фурнитураны өндіруші, әрі ол біздің серіктесіміз.

Біздің мамандарымыз әрдайым өздерінің біліктілігін жоғарылатады және DORMA өнімдері бойынша кәсіби кеңестеме берілуіне, сатылуына және сервистік қызмет көрсетілуіне кепілдік береді.

КазПерСтрой - <span>WINAB жазылмалы жүйелері</span> бойынша авторландырылған кеңесші

КазПерСтрой - WINAB жазылмалы жүйелері бойынша авторландырылған кеңесші

КазПерСтрой компаниясының қызметкерлері WINAB Vikvaggar AB (Швеция) жазылмалы жүйелерінің барлық технологиялық өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бойынша оқудан өтті.

«КазПерСтрой» қызметкерлері кеңестемелер беруге, есептеу, өлшеу жүргізуге, жазылмалы жүйелерді орнатуға жетекшілік етуге және WINAB жазылмалы далдаларын іске пайдалану барысында техникалық қадағалау жасауға уәкілетті.

Көрмелерге қатысу

Көрмелерге қатысу

Біз жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және ынтымақтастық құру мақсатын көздейміз. Сондықтан тақырыптық көрмелерге сүйсіне отырып қатысамыз.

Осындай көрмелердің бірі 2012 жылғы 4 – 7 қыркүйекте Алматыда болып өткен 19-шы Қазақстандық Халықаралық «ҚҰРЫЛЫС және ИНТЕРЬЕР» көрмесі болды.

Бізге жазыңыз
Біз сізге хабарласайық
Не заполненно поле Аты
Не заполненно поле Телефоны
Не заполненно поле Қызметті таңдау
Не заполненно поле Хабарлама
Рахмет, хабарлама жіберілді!