ТОО КазПерСтрой

КазПерСтрой компаниясы 2011 жылы құрылды.
Кәсіпқойлардан тұратын біздің жас командамыз күшті де жігерлі, талапты жетекшіміз - Наталья Чопова басшылық еткен бірнеше адамның белсене іс-қимыл жасауының нәтижесінде құрылды.
Біз белсенді түрде өсіп және дамып келеміз, қазірдің өзінде біз өзімізді көрсетіп жақсы беделге ие болдық, бұған біздің клиенттеріміздің пікірлері дәлел.
Бүгінгі күнге дейін біздің атқарған еңбегіміз: орындалған 650 жоба, көлемі 10 м² бастап 3500 м² дейін.
Біз үшін маңызды нәрсе: біздің әр клиентіміз өзі қалайтын нәтижені алуы керек.
Компанияның ұраны: ИМИДЖ, ЖАЙЛЫЛЫҚ, СЕРВИС
Компанияның мұраты
- Біздің серіктестеріміздің уақытының тиімді жұмсалуының қамын жасау. Офисті жайландыру бойынша міндеттерді жедел шешу – бұл уақыт жоғалтуды қысқарту және осының нәтижесінде клиентіміздің өз бизнесінде үлкен нәтижелілікке ие болуы.
- Біздің серіктестеріміздің имиджінің қамын жеу. Офис интерьерінің әрленімі, оның дұрыс жобалануы – бұл компания имиджінің айтарлықтай бөлігі, ол офис иелерінің өзінің келермендеріне қалай қарайтынын айқын көрсетеді.
- Серіктестеріміздің жайлы жерде отыруының қамын жасау. Қызметкерлердің жұмысының тиімді болуы көп жағынан олардың өз жұмыс офисінде өздерін қаншалықты жайлы сезінетіндеріне байланысты.
- Серіктестеріміздің қаражатын үнемдеудің қамын жасау. Офистік далдалар, офистік жиһаз – компанияның негізгі құралдарының бірі, сондықтан ол сапалы болуға тиіс.
Кұралдарының бірі, сондықтан ол сапалы болуға тиіс
- Күрделілігі әр түрлі офистік далдалардың әрленімін жасау, өндіру және монтаждау. Біздің өнімдер желісінде офистік далдалардың 11-ден астам жүйесі бар, онда эконом сыныптағы далдалардан бастап ең таңдаулы нұсқаларына дейін қамтылған:
- Әйнектен және тұтас әйнектен жасалатын әр түрлі конфигурациялы есіктердің әрленімі, өндіру және монтаждау;
- Есіктерді құрастыру үшін толымдаушыларды сату;
- Касса кабиналарын өндіру және монтаждау;
- Келіссөз жүргізуге арналған бөлмелер мен кабинеттерді жабдықтау;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстары;
- Әйнекке, далдаларға, есіктерге және себезгі кабиналарына арналған фурнитураны сату;
- Жасалған алюминий профилін ALUTECH сату.
КазПерСтрой Dormakaba компаниясының ресми серіктесі

Dormakaba – дүние жүзіне танымал неміс компаниясы, далдаларды, aвтоматты есіктерді және фурнитураны өндіруші, әрі ол біздің серіктесіміз.
Біздің мамандарымыз әрдайым өздерінің біліктілігін жоғарылатады және Дормакаба өнімдері бойынша кәсіби кеңестеме берілуіне, сатылуына және сервистік қызмет көрсетілуіне кепілдік береді.
Бойынша авторландырылған кеңесші трансформацияланатын Norma жүйелері

КазПерСтрой компаниясының қызметкерлері трансформацияланатын Norma жүйелері (швед технологиясы бойынша) жазылмалы жүйелерінің барлық технологиялық өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бойынша оқудан өтті.
«КазПерСтрой» қызметкерлері кеңестемелер беруге, есептеу, өлшеу жүргізуге жетекшілік етуге және трансформацияланатын Norma жүйелері іске пайдалану барысында техникалық қадағалау жасауға уәкілетті.
Көрмелерге қатысу

Біз жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және ынтымақтастық құру мақсатын көздейміз. Сондықтан тақырыптық көрмелерге сүйсіне отырып қатысамыз.
Осындай көрмелердің бірі 2012 жылғы 4–7 қыркүйекте болып өткен 19-шы Қазақстандық Халықаралық «ҚҰРЫЛЫС және ИНТЕРЬЕР» көрмесі болды.
2014 ж. 20–22 мамырда «Астанабильд 2014» халықаралық көрмесінде КазПерСтрой ЖШС және АЛЮМИНТЕХНО СОО Алютех интерьерлік бейінді жүйелерін ұсынды.