Құрылыс-монтаждау жұмыстары
КазПерСтрой компаниясы ғимараттар мен құрылыстарды салу, сондай-ақ офистік жайларға күрделі және ағымдық жөндеу жүргізу бойынша қызметтерді ұсынады.
Біз заманауи ғимараттар мен құрылыстарды жобалайтын әйгілі ESEBau сәулет бюросымен ынтымақтастық жасаймыз. Біздің клиенттеріміздің жеке сұраныстарына, нормативтік талаптарға сәйкес және әр жобаның барлық экономикалық аспектілерін ескере отырып, олардың жобалары бойынша тұрғын, офистік және коммециялық ғимараттардың құрылысын саламыз.
Біздің қызметтерімізге дәстүрлі әрленім жұмыстары кіреді.
Ұйымдық жұмыстар
- Құжаттарды келістіру;
- Қаржыландыруды қарастыру;
- Техникалық жағынан жарақтауды оңтайландыру;
- Тендерлерді ұйымдастыруға қатысу және келісімшарттар жасасу;
- Энергияны сақтау бойынша кеңестемелер.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары (қмж)
Ғимараттар мен құрылыстарды салу жұмыстарына жер, тас, бетон, темірбетон, шатыр, сырлау және сылау жұмыстары кіреді.
Жұмыстардың мерзімдері мен сапасына ерекше көңіл бөлінеді.
Жобаларды басқару
Авторлық қадағалау;
Сапа бақылау;
Шығындарды бақылау.